Қазыбек Иса вице-министрге ескерту жасады
Мәжіліс отырысында депутат Қазыбек Иса Әділет министрлігі өкілінің қазақ тілінде жауап бермегеніне наразылық білдірді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Депутаттың айтуынша, халық қалаулылары сұрақтарын мемлекеттік тілде қойғанымен, вице-министр Ботакөз Шаймарданқызы жауапты орыс тілінде қайтарған. Ол мұны мемлекеттік тілдің мәртебесіне сай келмейтін жағдай деп атады.
“Қазақстанның мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Сондықтан министрлік өкілдері де ресми жиындарда қазақша еркін сөйлеуі керек”, - деді Қазыбек Иса.
Сондай-ақ депутат алдағы уақытта Парламентке мемлекеттік тілді меңгерген өкілдерді жіберуді ұсынды.
Оқиға қоғамда тіл мәселесіне қатысты талқылауды қайта жандандырды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: