Қостанай облысында саяжай бақшасына қарасора өсірген тұрғын әшкереленді

Қостанай облысында полицейлер саяжай бақшасына қарасора өсірген тұрғынды әшкереледі, деп хабарлайды Arbat.Media.

Тобыл тұрғынының үйінен және жұмыс орнынан марихуана салынған 20-дан астам полиэтилен пакет пен орам тәркіленген. Сондай-ақ, оның саяжай ауласында қарасора өсірілгені анықталды. Өсімдіктердің саны — 18 түп, барлығы мұқият күтіп-бапталған.

Қостанай облысы Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармалары бірлесіп жүргізген тінту шарасы нәтижесінде күдіктінің жұмыс орнынан да, тұрғын үйінен де заңсыз заттар табылды. Сараптама қорытындысы тәркіленген марихуананың жалпы салмағы 3,4 келі екенін көрсетті.

Қарасора Қостанай Есірткі сот

Тақырыпқа жаңалықтар