Қостанай облысындағы су айдындарының бірінен қыздың мәйіті табылды
Қостанай облысындағы су айдындарының бірінен қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қайғылы оқиға Арқалық қаласында болған.
Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ екені хабарланды.
Облыстық полиция мәліметінше, су айдынынан қыздың денесінің табылуы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Қазіргі уақытта полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу шараларын жүргізіп жатыр», - дейді полициядағылар.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: