Қостанайда ер адам өзін бензинмен өртеп жіберді
Қостанайда ер адам жанар-жағармаймен өзін өртеді, деп хабарлайды Arbat.media.
Қостанай облысының полиция басқармасының мәліметінше, бұл жағдай 21 сәуір күні түнде болған.
Ер адам көлік ішінде өзіне жанар-жағармай құйып, есігін жауып от қойды. Кейін ер адам жалынға оранған көлік ішінен шығып жүгіре жөнелді. Сол маңдағы адамдар өртті сөндіруге көмектесті. Бейнежазбада ер адамның қызбен сөйлескенін байқауға болады. Қыз өзін өртеуге оқталған жігітті көндіруге тырысқаны көрінеді.
Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: