Қостанайлық ата-ана 7 жастағы қызын дәрігерлер өлтіргенін айтты
Қостанайлық ата-ана баласының өліміне дәрігерлерді айыптады, деп хабарлайды Arbat.media Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Марқұмның ата-анасының мәліметінше, 7 жасар Раяна Қабжанова бір айға жуық респираторлық дерттен емделген. 28 ақпанда балада жөтел пайда болған. Сосын дәрігердер антибиотиктер мен шарбат ішуді ұсынған. 7 наурызда дәрігер мектепке баруға рұқсат берген. Бірнеше күннен соң баланың ауруы асқынып, отбасы қайта емханаға жүгінген. Диагноз – ангина. "Цефазолин" салса да, қыздың қызуы қайтпаған.
Ақылы палатаға ауыстырған соң қызға пневмония деген диагноз қойылған. 18 наурызда баланы жансақтау бөліміне жатқызыпты. 19 наурызға қараған түні қыз жан тапсырған.
Ерлі-зайыпты полицияға арыз түсіріпті.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: