Қазақстан жаңалықтары27 қазан 2023, 9:00

Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің жағдайын арнайы комиссия анықтайды

Түркістандағы кесененің жағдайын арнайы құрылған комиссия анықтайды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков мәлімдеді.

Түркістандағы тарихи нысан төңірегінде көптеген алып-қашпа әңгіме айтылып жүргеніне біршама уақыт болды.

600 жылдан астам тарихы бар нысанның кей қабырғалары құзданып, сулана бастаған. Тұзы шығып кеткен жерлері де бар.

Осыдан бұрын Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қауіп төніп тұрғаны айтылған.

Бүгін Түркістан өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков кесене аумағында арнайы комиссия жұмыс істеп жатқанын айтты.

Қожа Ахмет Яссауи арнайы комиссия

Тақырыпқа жаңалықтар