Қазақстан жаңалықтары9 сәуір 2025, 10:58

ҚҚС – 16%: Үкімет ақыры «мәмілеге» келді

Парламентте жаңа салық кодексі жобасы бірінші оқылымда қаралып жатыр, деп хабарлайды Arbat.media.

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин қосылған құн салығын 16 пайызға дейін көтеру ұсынылатынын мәлімдеді. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу шегін 40 миллион теңге көлемінде белгілеу айтылды.

"Бұл – біз жеткен ымыра шешім. Алайда осыған байланысты 160 мың жаңа салық төлеушіден және 400 миллиард теңге қосымша кірістен айырылып отырмыз. Енді жеке кәсіпкерлікті тіркеу де күрделене түседі”, – деді Жұманғарин.

Бастапқыда үкімет салық реформасы аясында қазіргі 78,6 млн теңгенің шегін 15 миллионға дейін төмендетуді ұсынған.

Бірақ депутаттар қосылған құн салығы бойынша тіркеу шегін 40 млн теңгеге дейін төмендету қажет деп шықты.

Қосымша, құ, салығы

Тақырыпқа жаңалықтар