ҚТЖ басшысы қызметінен босатылды
Талғат Алдыбергенов «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Мұндай шешімді компанияның жалғыз акционері – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры қабылдады.
Қазіргі таңда қордың жалғыз акционері – Қазақстан Үкіметі.
Талғат Алдыбергенов «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қызметіне 2025 жылдың шілде айында тағайындалған еді.
Талғат Сағиұлы Алдыбергенов – Қазақстанның теміржол саласында ұзақ жыл еңбек еткен басқарушы әрі көлік-логистика саласының маманы. Ол әр жылдары теміржол және көлік кәсіпорындарында түрлі басшылық қызметтерді атқарып, 2025 жылдың шілдесінде «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: