Құлсарыда 7 жастағы қызды зорлап, өлтірген 35 жастағы ер адамға үкім шықты

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Зарема Хамидуллина Құлсарада болған қанды қылмысқа кінәлі адамды өмір бойына бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қайғылы оқиға 2025 жылдың 5 маусымында болған еді. 7 жастағы қыз достарымен ойнап, үйге қайтар жолда сотталушымен кезігіп қалады. Ер адам оня мас күйде зорлап, қылмысын жасыру үшін кішкентай қызды өлтіреді. Қыздың денесі 12 сағаттан кейін Құрсай өзенінің маңынан табылды.

Тергеу міліметінше, 35 жастағы ер адам қыздың денесінен құтылғаннан кейін дүкеннен ішімдік сатып алып, досының ауласында ұйықтап қалған.

Сот-медициналық сараптама ұрып-соғу, жыныстық зорлық-зомбылық және күштеп суға бату белгілерін анықтады.

Сотталушы кінәні мойындамады. Бірақ оның кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, бейнежазбалармен және сараптама нәтижелерімен толық дәлелденді.

Сот үкімімен ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Сот жәбірленушінің пайдасына 20 000 000 теңге өндіріп алды.

Құлсары Атырау Қыз зорлады Үкім

Тақырыпқа жаңалықтар