Құлсарыда өмірге келген егіз ұл Бейнеу ауруханасына жеткізілді
Жем өзенінің тасқын суы басқан Құлсары қаласында егіз ұл дүниеге келді. Атырау облысы әкімдігінің мәліметінше, нәрестелердің анасы Құлсары қаласындағы Жылыой аудандық орталық аурухансында босанған, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазды.
Алайда нәрестелер қауіпсіздік мақсатында жедел жәрдем көлігімен Бейнеу аудандық ауруханасына жеткізілген.
«Қазір нәрестелердің жағдайы бірқалыпты. Егіз ұл — жас отбасының төртінші және бесінші баласы. Сәбилердің бойы — 52 см. Екеуінің салмағы бірдей емес. Біреуінің салмағы — 3500, екіншісінің салмағы — 3350 грамм» деп мәлім етті облыстық әкімдіктен.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: