Құрылтай сайлауы күні Алматы тұрғындары қоғамдық көліктерде тегін жүре алады
23 тамыз – Құрылтай сайлауы күні Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін қоғамдық көліктерде жол жүру тегін болады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл туралы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы хабарлады.
Басқарма мәліметінше, сайлау күні қала тұрғындары мен қонақтарының жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау мақсатында тегін жол жүру мүмкіндігі енгізіледі. Күні бойы қоғамдық көліктің барлық бағытында – автобустарда, троллейбустарда және метрода жол жүру тегін болады.
Жауаптылар қала тұрғындары мен қонақтарын сапарын алдын ала жоспарлап, дауыс беру күні қала ішінде қолайлы қатынау үшін қоғамдық көлікті пайдалануға шақырады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: