Құтқарушылар ауруханаға жете алмаған ана мен сәбиге көмекке келді
Ақтөбе облысында ақтүтек боранда ауылдан шыға алмай қалған 1 жастағы бала мен оның анасы құтқарылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Оқиға өткен түнде Хромтау ауданында болды. Никельтау ауылында тұратын сәбидің денсаулығы нашарлап, оны шұғыл түрде ауруханаға жеткізу қажет болған. Ал жол жабық.
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері елді мекенге жол талғамайтын арнайы көлікпен барып, сәбиді анасымен бірге Хромтау аудандық ауруханасына аман-есен жеткізді.
Дәрігерлердің айтуынша, олардың өміріне ешқандай қауіп жоқ.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: