«Қылмыстық құрам жоқ»: Бозымбаев Түркістан облысындағы өртке қатысты жедел шаралар туралы баяндады

Үкімет отырысында вице-премьер Қанат Бозымбаев жағдай туралы баяндап, өрттің 05:36-да басталып, екі қабатты үй толықтай жанып кеткенін айтты. ТЖМ күштері оқиға орнына дереу жетіп, өрт 07:22-де толық сөндірілді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Өкінішке қарай, өрт орнында 12 адам қаза тапты, олардың 9-ы бала. 3 адам зардап шекті, олар қазір Жетісай аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

Оқиға орнында тергеу шаралары жүргізіліп, өрттің себебі анықталуда. Әзірге қылмыстық құрам жоқ.

«Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі).

«Сіздің тапсырмаңыз бойынша кеше мен Үкіметтік комиссияның отырысын өткіздім, жерлеу рәсімін ұйымдастыру және қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсету, өрттің туындау себептерін анықтау, сондай-ақ осындай жағдайлардың алдын алу шараларын жүргізу бойынша бірқатар тапсырма бердім», — деп баяндады Қанат Бозымбаев.

Бозымбаев Апат Қылмыс Түркістан

Тақырыпқа жаңалықтар