Қылмыстық топ қыздарды ұрлап, оларға жантүршігерлік әрекеттер жасатқан

Қылмыстық топ қыздарды ұрлап, оларға жантүршігерлік әрекеттер жасатқан, деп хабарлайды Arbat.media.

Сұмдық жағдай Ресейдің Краснояр өлкесінде болған. Қылмыстық топ қыздарды жезөкшелікпен айналысу үшін ұрлаған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қылмыстық топты 2018 жылы 36 жастағы ер адам құрған. Топтың құрамында күзетшілер, жүргізушілер, операторлар, бухгалтер және кадр бөлімінің қызметкері бар 40-қа жуық адам болған. Ұйымдасқан қылмыстық топ Краснояр өлкесі мен Новосибирск облысында әрекет еткен.

Қылмыскерлер сауналар, массаж салондары мен пәтерлерді жалға алып, заңсыз әрекеттер ұйымдастырған. Ал ұрланған қыз балалар – негізінен жағдайы нашар отбасылардан шыққан. Оларды ұрлап әкетіп, құжаттарын тартып алған соң, мәжбүрлі түрде бас бостандығынан айырған. Ал «жұмыс істеуден» бас тартқаны үшін ұрып-соғып, айыппұл салды. Қыздардың басым бөлігі өз қызметін тегін көрсеткен.

Бүгінге дейін аталмыш қылмыстық топтың заңсыз әрекетінен 20-дан астам қыз бала зардап шеккені анықталды. Ұсталған 17 адамға қатысты қылмыстық топты ұйымдастыру және оған қатысу баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қыз, құлдық, қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар