Қысқы демалыс 14 күн: 2026–2027 оқу жылына арналған каникул кестесі бекітілді

Оқу-ағарту министрлігі 2026-2027 оқу жылындағы оқу мерзімдері мен демалыс кезеңдерін бекітті, деп хабарлайды Arbat.Media. 

Министрлік мәліметінше, жаңа оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 2027 жылы 25 мамырда аяқталады.

I тоқсан 8 оқу аптасына созылады. Күзгі демалыс 7 күнге жалғасып, 26 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді.

II тоқсан да 8 оқу аптасын құрайды. Қысқы демалыс 14 күнге созылады - 28 желтоқсан мен 10 қаңтар аралығында.

1-сынып оқушылары үшін 8-14 ақпан аралығында 7 күндік қосымша демалыс қарастырылған.

III тоқсан 10 оқу аптасына созылады. Көктемгі демалыс 7 күнге жалғасады, 22-28 наурыз аралығында.

IV тоқсан 8 оқу аптасына созылып, 25 мамырда аяқталады.

Оқу-ағарту минстрлігі Күзгі демалыс Қысқы демалыс Көктемгі демалыс

Тақырыпқа жаңалықтар