“Қыз кеткенге ызаланған”: Шымкентте жігіт жүріп жүрген қызын өлтіріп, мәйітін қорлаған

Шымкентте сөйлесіп жүрген қызын азаптап өлтіріп, мәйітін қорлаған жігітке қатысты сот басталды, деп хабарлайды Arbat.Media Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай биыл наурыздың 12-не болған. Студент қыз жігітке енді мазаламауын сұрап, ұялы телефонда қара тізімге жіберген екен. Бұған шыдамаған күдікті оны өлтіруге бел буған.

Базардан арнайы пышақ сатып алып, көлік жалдаған жігіт 17 жастағы студентті университеттен алып кеткен. Жол бойы ұрысқан екеу қала шетіне тоқтап, ақыры арам ойын іске асырыпты.

Күдікті қаршадай қызды азаптап өлтіргенімен қоймай, мәйітін қорлап, видеоға түсіріп алған дейді айыптаушы. Осыдан кейін досына барып, екеуі марқұмды қапқа салып, елді-мекенге тастап кетеді. Қайғыдан қан жұтқан ата-ана үйге оралмаған қыздарын іздеп, полицияға арызданған. Бір күн ішінде күдікті де, мәйіт те анықталыпты.

Берекені өлтірді деп күдікке ілінген 19 жастағы жігіт адам өлтіру бабымен жауапқа тартылса, мәйітті қапқа салыуына көмектесті деген досы қылмысты жасыру бабымен айыпталып жатыр.

Шымкент қыз Зорлық сот

Тақырыпқа жаңалықтар