Қыз зорлаған танымал блогер туралы тың дерек шықты

Арқалық қаласының 35 жастағы блогері зорлау және жыныстық сипаттағы әрекеттер жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қостанай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, зардап шеккендердің арасында кәмелет жасына толмағандар жоқ.

Алдын ала деректер бойынша, күдікті кейбір жәбірленушілерге қарызға ақша беріп, олар берешегін қайтара алмаған жағдайда интимдік қатынас талап еткен. Қарсы болған әйелдерге ер адамның зорлықпен жыныстық қатынас жасағаны айтылды.

Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалды. Бірнеше мәрте қылмыс жасағаны дәлелденсе, оған 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.

"Орда" тілшісі жыныстық зорлық жасады деген айыппен қамауға алынған Арқалық блогерінің туыстарымен байланысқа шықты.

Күдіктінің әпкесі Раушан Әлімбаева қылмыстық істі әділетсіз деп санайды. Ол ағасын жақтап отыр. Блогердің өзі көптеген жылдар бойы мұғалім болып жұмыс істеген.

"Туыстарымыз, оқушыларымыз, оқытушыларымыз және айналамыздағы адамдар бұл айыптауға сенбейді. Ол белсенді қоғамдық қызмет жүргізді, қаланың өзекті мәселелерін қамтыды. Бүкіл Арқалық өзінің қандай адам екенін біледі. Біз әділдік орнайды деп сенеміз", - деп бөлісті әйел.

Арқалық, блогер, қыз зорлады

Тақырыпқа жаңалықтар