Қызылордада 8 жастағы бала кәріз құдығына құлап мерт болды
Қызылордада кәріз құдығына құлап өлген 8 жастағы баланың қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Arbat.media.
25 қарашада Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті дағдарыс жағдайларында басқару басқармасына Балқы базар көшесіндегі емхананың жанында бала кәріз құдығына түсіп кеткен. Құтқарушылар баланың мәйітін кәріз құдығынан шығарды.
«ҚР ҚК 279-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сот медициналық сараптама тағайындалды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 24-бабының талабына сәйкес, барлық тергеп-тексеріліп жатыр. ҚР ҚПК 201-бабының талабына сәйкес қылмыстық іс бойынша қандай да тергеу әрекеті жариялауға жатпайды», - деді Қызылорда полиция басқармасы.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: