Қызылордада биыл үйінен кеткен 22 жасөспірім аман табылған
Биыл Қызылорда қаласында полицейлер жоғалған 22 жасөспірімді іздеп тапты. Жыл басынан бері басқарманың 102 арнасына үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған жасөспірімдерге байланысты 22 хабарлама тіркелген, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл бойынша 23:00-ден кейін қоғамдық орында жүрген 9 жасөспірімнің заңды өкілдеріне Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 442-бабы 2-бөлігімен әкімшілік шара қолданылды, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Ал 6 жасөспірімге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, қалған 16-на қатысты құжаттар жинақталып, номенклатуралық іске жолданды.
«Бірнеше мәрте белгісіз бағытқа кетіп қалу дерегін қайта қайталап жасағаны үшін 1 жасөспірім есепке алынды. Қазіргі таңда ол девиантты мінез-құлық балаларға арналған мектеп-интернатына жатқызылды. Одан бөлек ата-анасына қатысты әкімшілік шара көрілді», — дейді Қызылорда қалалық полиция басқармасының бастығы Айдар Қасанов.