Қазақстан жаңалықтары4 қараша 2025, 10:20

Қызылордада көкпар кезінде көлік жылқыларды қағып кетті

Қызылордада көкпар кезінде көлік жылқыларды қағып кетті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оқиға 1 қарашада Шиелі ауданы Алғабас ауылында болған. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаға қатысты Қызылорда облысы Полиция департаменті түсініктеме берді.

«Ойын барысында 102 арнасына ешқандай хабарлама түспеген. Қазіргі уақытта бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Автокөлік жүргізушісі анықталып, полиция бөліміне жеткізілді», - делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде оқиғаға қатысқан барлық тұлғаның әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Қызылорда көкпар Көлік Жылқы
23 ақпан 2026 Қазақстан жаңалықтары
23 ақпан 2026 Қазақстан жаңалықтары
23 ақпан 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар