Қызылордалық дәрігерлер бір күнде үш адамның бүйрегін ауыстырды
Алғашқы трансплантация 41 жастағы әйелге жасалды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Оның ағасы донор болып, бүйрегін берді. Екінші трансплантация 20 жастағы жігітке жасалды. Оған донор ретінде науқастың 54 жастағы анасы қатысты.
Ал үшінші ота 43 жастағы әйелге жасалды. Науқастың жұбайы донор болып, бүйрегін берді.
Трансплантация облыстық көпбейінді облыстық ауруханада жасалды.
Ота сәтті өтті. Науқастардың жағдайы орташа ауыр, тиісті ем қабылдап жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: