Қазақстан жаңалықтары10 мамыр 2024, 16:29

Рақымжан Қошқарбаевтың 100-жылдығына арналған көрме ашылды

Алматы музейінде жеңіс туын тіккен халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ерліктің өшпес даңқы» атты көрме ашылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Экспонаттар ҚР Қарулы күштерінің әскери-тарихи мұражайының және Алматы музейінің қорынан алынған, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Көрмеге 50-ден астам жәдігер қойылды. Сонымен қатар экспонаттар арасында өзге де майдангерлердің құнды заттары бар.

Жауынгерлердің фотосуреттері, құжаттары мен марапаттары, соғыс кезіндегі қару-жарақтар қойылған. Сондай-ақ Кеңес Одағының батыры, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов және 1945 жылы Жеңіс шеруіне қатысқан, Қазақ КСР Ішкі істер министрі — Андрей Георгиевич Платаевтың әскери киімдері мен медальдары да көрме экспозициясына қойылды.

 

Рақымжан Қошқарбаев 100-жылдық Көрме Алматы

Тақырыпқа жаңалықтар