Ресейден әкеле жатқан химикат күмән тудырды
Атырауда Ресейден әкеле жатқан химикатқа берілген қорытынды күмән тудырды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Құрманғазы аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы Ресейден келе жатқан жүк көліктегі тауардың арасында химикат болғанын анықтаған.
«Қазақстан мен Ресей мемлекеттік шекарасындағы экспорттық-шекаралық бақылау аймағында Volvo көлігі Волгоград облысынан Қазақстандағы Павлодар облысына бара жатқан. Кедендік бақылау жүргізіп, көлік құралындағы тауар ішінен салмағы – 5600 келі, бағасы – 2 302 300 теңге «Собиратель DSB» химикатын анықтады. Ол индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы №424 бұйрығымен бекітілген «Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізімін бекіту туралы» тізімге кіреді. Сол себептен СЭҚ ТН коды бойынша өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру туралы қорытынды тексерілді», - деп хабарлады Айбек Саспанов.
Оның айтуына қарағанда, осы қорытындыға байланысты күмән туындаған. Сол себептен қорытындының жалған, не жалған еместігін анықтау, процессуалдық шешім қабылдау тиісті материалдар Құрманғазы аудандық полиция бөліміне жолданды.