Қазақстан жаңалықтары4 қаңтар 2024, 15:00

Ресейлік хакер Никита Кислицин еліне экстрадицияланды

F.A.C.C.T. компаниясының қызметкері Никита Кислицин Қазақстаннан Ресейге экстрадицияланды. Бұл деректі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Arbat.media

2023 жылдың 21 желтоқсанында Кислицин тиісті тәртіп бойынша өз еліне экстрадицияланған.

2023 жылы маусым айында Бас прокуратура Ресей азаматы, ІТ саласының маманы Никита Кислицин АҚШ-тың сұрауы бойынша Қазақстанда ұсталғанын растаған еді.  

Қазақстан жағы бұл іс жан-жақты зерттелетінін мәлімдеген еді.

Кейін күдіктіні экстрадициялау немесе бермеу жөнінде шешім жасалатыны айтылды.

Ресей жағы да киберқылмысқа қарсы бағдарламалық қамтамасыз ету компаниясының департамент басшысы Никита Кислицинге іздеу жариялады.

Мәскеудің аудандық соты оны қамауға алу жөнінде шешім жасаған. Ол заңмен қорғалатын компьютерлік ақпаратқа заңсыз қол жеткізген деген күдікке ілінген.

никита кислицин экстрадиция ресейлік хакер ҚР Бас прокуратура

Тақырыпқа жаңалықтар