Қазақстан жаңалықтары10 ақпан 2024, 18:07

Риддер тұрғындары жерасты дүмпулерін сезді

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 10 ақпан күні жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 1 023 шақырым жерде, Ресей аумағында орналасқан.

«Жер сілкінісінің энергетикалық санаты – 12.3. MPV магнитудасы – 5.7. Эпицентр координаттары 50.85° с.е. 84.39° ш.б. Тереңдігі – 15 км. Сезілуі (МSК-64 шкаласы бойынша) туралы дерек бойынша: Риддер, 2 балл», - делінген хабарламада.

Риддер Жер сілкінісі

Тақырыпқа жаңалықтар