Қазақстан жаңалықтары12 мамыр 2024, 9:00

Риддерде вандалдар балалар ойын алаңын қиратып кетті

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жасөспірім вандалдар балалар ойын алаңын қиратып тастаған. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жасөспірімдердің заңсыз әрекетіне жергілікті тұрғындар шағымданған. Полиция құқық бұзушылардың кім екенін анықтады, - деп хабарлайды Arbat.media.

 

«Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшалардың бірінде риддерлік азамат екі вандалдың балалар ойын алаңын қиратып жатқаны көрінетін видео жариялады. Тұрғындардың ескертуін елемеген олар ешқандай жауапкершілікке тартылмайтындықтарын, ескі ойын алаңының орнына жақын арада жаңасы салатыны туралы естігендіктерін айтқан. Бірақ бұл айтқандары шындыққа жанаспайды», - делінген ақпаратта, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Тәртіп сақшылары 14 және 15 жастағы вандалдарға қатысты «Бұзақылық» фактісі бойынша іс қозғап, екеуінің заңды өкілдерін жауапқа тартты. Сонымен қатар полиция қызметкерлері жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгіме жүргізді.

ШҚО Риддер балалар ойын алаңы вандализм

Тақырыпқа жаңалықтар