Риддерде жүргізуші баланы қағып, оқиға орнынан қашып кетті

Риддерде жүргізуші баланы қағып, оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Көпқабатты үйдің ауласында 6 жасар баланы көлік қағып, оқиға орнынан таса болған. Жол апаты 23 желтоқсанда болған.

Бала медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір оның жағдайы тұрақты.

Полицейлер жүргізушіні тауып, тиісті сараптамалар тағайындады, нәтижесіне қарай процестік шешім қабылданатыны айтылды.

Риддер Көлік Бала Апат

Тақырыпқа жаңалықтар