Рудныйда ер адам телефон жөндеймін деп банк шотынан ақша ұрлап келген
Рудныйда ер адам телефон жөндеймін деп банк шотынан ақша ұрлап келген, деп хабарлайды Arbat.Media.
Рудныйда ер адам телефон жөндеумен айналысып жүріп, клиенттерінің сеніп тапсырған ұялы телефонындағы банк шоттарынан қаражат ұрлаған. Күдікті ұсталды.
Тергеу мәліметтері бойынша, ер адам телефондарды тексеру үшін иесінен алып қалып, банк қосымшасындағы ақшасын өз шотына аударып алған.
Қазіргі уақытта 3 адамнан бір миллион теңгеден астам ақша ұрланғаны белгілі болды. Тергеу жалғасуда. Құқық қорғау органдары жәбірленушілердің саны ариуы мүмкін екенін болжады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: