Руслан Берденов жаңа қызметке орнықты

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденов Алматы қаласын дамыту орталығының жетекшісі болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Дереккөздердің мәліметінше, бұл хабарды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі растағанын жазды.

40 жастағы Берденов Шымкентте өзіне жасалған "қастандықтан кейін" тамыздың соңында "өз еркімен" әкімнің орынбасары қызметінен кеткен еді.

20 тамызда Шымкент соты оған оқ атқан, “Адам өлтіру” және “Қылмысқа оқталу” баптары бойынша айыпталған Ернар Жиембайды 9 жылға бас бостандығынан айырған. Жиембай тағылған айыпты ішінара мойындаған.

Руслан Берденов Шымкент Әкім орынбасары жаңа қызмет

Тақырыпқа жаңалықтар