Қазақстан жаңалықтары27 қараша 2023, 16:10

Сәбиін сатпақ болған ана қамауға алынды

Бала сату күдігімен қамауға екі әйел алынды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай айтты. 

«Алматы облысында жаңа туған нәрестені сату фактісін анықтады. 24 жастағы облыс тұрғыны жүктіліктің жетінші айында сайтқа бала сататыны туралы хабарландыру іліп, сатып алушыны іздей бастаған. Баласы жоқ жұпты тауып, ақысына кредит берешегін жабу туралы келісімге келеді. Нәрестені жұптың қолына асырап алуға тапсырады. Бұл факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне «Кәмелет жасына толмағандарды сату» бабымен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп, тексеру басталды. Әйел уақытша ұстау изоляторына алынды», – деді ол.

Осыған ұқсас жағдай Шымкент қаласында да болған.

«Нәресте сатудың тағы бір фактісі Шымкент қаласында тіркелді. 23 жастағы әйел баласын сатып алатын адам іздеп, делдал арқылы өзге облыстың 45 жастағы тұрғынын тапқан. Екеуі кездесіп, сауда мәмілесін жасайды. Бұл факті Қылмыстық кодекстің 135-бабы бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Нәресте сәбилер үйінде. Күдіктінің бұған дейін бірнеше рет алаяқтық үшін жауапқа тартылғаны, мойнында қомақты қарызы бар екені белгілі болды. Қазір ол қамауда», – деді Жандос Сүйінбай.

 

бала сату Қылмыс Алматы облысы Шымкент

Тақырыпқа жаңалықтар