Қазақстан жаңалықтары18 қазан 2023, 8:26

“Шәйнекпен басынан ұрған”: Жұбайын қорлаған жанжалқор полицейге қарсылық көрсетті

Түркістан облысы Сайрам ауданы полиция басқармасына Жетісай тұрғыны хабарласып, Сайрамдағы әпкесі жұбайын қорлап, ұруға тырысқанын айтқан, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Polisia.kz жариялады.

Учаскелік полиция инспекторлары жедел келіп, ескерту жасады. Алайда жергілікті тұрғын тәртіп сақшыларының заңды талаптарына бағынбай, қорлап, балағаттаған. 

Ер адам полицейге қарсылық көрсетіп, шәйнекпен басынан ұрған. 

Бұл факт ҚР ҚК 380-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді.

Төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл түріндегі жаза, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не екі жылдан төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және барлық мән-жай анықталады.

 

Түркістан облысы Сайрам ауданы Бұзақылық полицияға шабуыл

Тақырыпқа жаңалықтар