Сәкен Майғазиевтің шаңырағында қуанышты жаңалық болды
Отандық әнші Сәкен Майғазиевтің анасы Ұлтай Мырзабекова Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік медальмен марапатталды, деп хабарлайды Arbat.media.
Әнші бұл қуанышты жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.
«Анашым Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығы бойынша Ұлы Отан соғысы жеңісінің 80 жылдығына арналған мерекелік медальмен марапатталды! Аналарымыздың жымиғанын, қуанғанын көру қандай бақыт!» – деп жазды Сәкен Майғазиев.
Айта кетейік, биыл Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай елімізде ардагерлер мен тыл еңбеккерлері арнайы марапаттарға ие болып жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: