Сарыағаштағы қыз өлімі: Педофилді тексерген пробация қызметкері 2 жылға сотталды
Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өліміне қатысты педофилді тексерген пробация қызметкеріне сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
Сарыағаш аудандық сотында ҚР ҚК 371 бабы, 2 бөлігімен сотқа берілген қылмыстық іс қаралды.
Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің Сарыағаш аудандық пробация бөлінің қызметкері қызмет атқару барысында сотталған адамға қатысты бақылау ісі бойынша лауазымдық нұсқаулығы бойынша тиісті деңгейде жұмыстар атқармаған деп айыпталды. Яғни, салғырттық танытып, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттілік берілген адамның не оған теңестірілген адамның не лауазымды адамның не жауапты мемлекеттік лауазамды атқаратын адамның өз міндеттерін қызметіне адал қарамауы немесе ұқыпсыз қарауы салдарынан абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан сол әрекет, ауырлығы орташа санатындағы қылмысты жасаған.
«Сотталушы ҚР ҚК-тің 371 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 2 жыл мерзімге құқық қорғау органдарында лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінген Түркістан облысы сотының баспасөз қызметі хабарламасында.