Қазақстан жаңалықтары9 сәуір 2025, 8:55

“Шатыр ортасына түскен": Түнгі клубта 79 адам қаза тапты

Доминикан Республикасындағы түнгі клубта 79 адам опат болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Доминикан Республикасында түнгі клубтың шатыры ортасына түсіп, жүзден астам адамды басып қалды. Оқиға ел астанасы Санто-Домингода болған.

«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, 79 адам ажал құшып, 160-ы жараланған. Опат болғандардың арасында Монте-Кристи провинциясының губернаторы Нельси Круз бар.

Қазір апат орнында іздеу-құтқару жұмысы жүріп жатыр. Үйінділер астында әлі адамдар бар. Президент Луис Абинадер оқиға орнына барып, марқұмдардың туыстарына көңіл айтты.

Адам, қаза тапты, клуб

Тақырыпқа жаңалықтар