Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлының жағдайы белгілі болды

Спортшы Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлы ауруханадан шығарылды. Олар кеше, 27 шілде күні жол апатына ұшыраған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы Жамбыл облысының Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, зардап шеккендер қолхат жазған.

"Зардап шеккендер қолхат жазып, Шу қалалық ауруханасынан шығып, Алматыға кетті. Медициналық мекемеге шағымы жоқ", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Гүлайым Рахмонова ұлы мен құрбыларымен бірге Қарағандыдан Алматыға "Toyota Land Cruiser" жол талғамайтын көлігімен бара жатқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, әйел көлікті басқара алмай қалған.

Оқиға орнында 39 жастағы жолаушы қаза тапты. 35 жастағы әйел Мойынқұм аудандық ауруханасына бара жатып қайтыс болды.

шавкат спорт Жол апаты Әйел

Тақырыпқа жаңалықтар