Шахмат ойынына тыйым салынды

Ауғанстанда шахмат ойнауға тыйым салынды, деп хабарлайды Arbat.media.

Ауғанстандағы «Талибан» қозғалысы ресми түрде шахмат ойнауға тыйым салды.

«Он бір айда бірде-бір ресми турнир, семинар немесе шахматқа байланысты өзге де іс-шаралар болған жоқ. Федерация шенеуніктерінің көпшілігі елден кетті. Кейбір провинцияларда шахматқа тыйым салынады», - деді шахмат федерациясының бұрынғы атқарушы директоры Абасин Мохиби.

Талибан билігінің мәліметінше, шахмат азарт ойыны қатарына кірген.

Ауғанстанда 11 титулды шахматшы бар, олардың ішінде бес FIDE шебері және алты КМС бар.

Шахмат ойын тыйым

Тақырыпқа жаңалықтар