Қазақстан жаңалықтары28 желтоқсан 2023, 10:16

Семей тұрғынынан Сақ дәуірінің зергерлік бұйымдары тәркіленді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Абай облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен тарихи құндылыққа жататын бағалы бұйымдардың заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен Семей қаласының тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ақпаратты ҚР ҰҚК баспасөз қызметі жеткізді.

інту барысында аң стилінде орындалған Сақ дәуіріне жататын жалпы салмағы 79 гр. 4 алтын әшекей тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 193-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, бірқатар сараптама тағайындалды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.

 

семей Сақ дәуірі зергерлік бұйым тәркілеу

Тақырыпқа жаңалықтар