Семейде қала әкімі болуға үміткерлер тізімі шықты

Бүгін, 17 қыркүйекте әкімдіктің сайтында Семей әкімі болуға үміткер 4 азаматтың тізімі шықты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Тізімде кімдер бар:

 

Қанат Шапатов - «Балалар мен жастардың шығармашылық сарайы» КМҚК директоры.

 

- Қаныш Төлеуов - «Геодезия, картография және құрылыс Жоғары колледжі» КМҚК директоры.

- Әділет Қожанбаев-

ірі аумақтық бірліктерді басқару тәжірибесі бар жалғыз кандидат. Бақылаушылардың пікірінше, оны мемлекеттік органдардың негізгі кандидаты ретінде қарастыруға болады.

- Айболат Бекжасаров — уақытша жұмыссыз. Алайда, Семей мәслихатының сайтында оның қалалық мәслихат депутатының міндетін атқарғаны туралы ақпарат бар.

Айта кетейік, тізімде қазіргі таңда Семей әкімі міндетін атқарушы Бекжан Бапышев жоқ.

 

 

семей Әкім Қала таңдау

Тақырыпқа жаңалықтар