Семейдегі ойын-сауық орталығында ірі өрт шықты

Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видеолар тарады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Кадрлардан аязды күнде келушілердің, соның ішінде балалардың да сырт киімсіз ғимараттан шұғыл шығуға мәжбүр болғанын көруге болады.

Төтенше жағдайлар министрлігің мәліметінше, өрт өршіп, шатыр ішінара құлаған.

“Өрт сөндіру жоғары өрт жүктемесі мен қатты түтінмен күрделенуде. Өртті сөндіру үшін периметр бойынша су шашыратқыштар, сонымен қатар биік техника арқылы су жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Өрт орнында өрт сөндіру жедел штабы құрылды”, - делінген ТЖМ хабарламасында.

2 наурыз 2026 Қазақстан жаңалықтары
2 наурыз 2026 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 9:23 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар