Қазақстан жаңалықтары4 наурыз 2026, 9:20

Семейдегі өрт: 6 адам медициналық көмекке жүгінген

Семейдегі өрттен 6 адам медициналық көмекке жүгінген, деп хабарлайды Arbat.Media.

Абай облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, көмекке жүгінгендер арасында 3 ересек және 3 бала бар.

Бір науқас бүйрек орталығына жеткізіліп, иіс газынан улану диагнозымен ауруханаға жатқызылған

Сондай-ақ екі бала өз көлігімен Абай облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Тексеру нәтижесінде олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып, үйлеріне жіберілді.

Өрт семей Балалар Апат

Тақырыпқа жаңалықтар