Қазақстан жаңалықтары3 сәуір 2024, 14:41

Сенат Жоғарғы соттың судьяларын қызметінен босатты

Сенаттың жалпы отырысында Жоғарғы соттың судьялары қызметінен босатылды. Жоғары сот Кеңесінің төрағасы Денис Шипп екі судья қызметінен босатылуы керек екенін айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Әбдірашид Төлегенұлы Жүкенов және Зәуре Балғазықызы Кейкібасова зейнет жасына жеткен. Судьялық қызметте мол тәжірибесі бар. Олар судьялық қоғамдастық арасында мәртебелі беделге ие», - деді Д. Шипп.

Палата депутаттары аталған ұсынысқа қатысты шешім қабылдап, Ә. Жүкенов пен З. Кейкібасованы қызметінен босатты.

Жоғарғы сот судьялар қызметтен босатылды
24 қазан 2025 Қазақстан жаңалықтары
24 қазан 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар