Қазақстан жаңалықтары20 маусым 2024, 10:00

Сенсация: «Таңбалы» қорық-музейінде сирек кездесетін тиын табылды

«Таңбалы» қорық-музейінде сирек кездесетін тиын табылды. «Таңбалы» ғылыми қызметкерлері халықаралық тарихи-археологиялық экспедиция өткен Қоғалы алқабында қазба жұмыстары кезінде сенсациялық жаңалық ашты. Қазақстанда алғаш рет өте сирек кездесетін тиын табылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді.

Түркі-соғды ерте ортағасырлық нумизматика саласындағы мамандардың пікірінше, бұл монета VII ғасырдың ортасынан бастап қолданылған.

Экспедиция зерттеу жүргізген Коғалы алқабының ескерткіштері VII-VIII ғасырлардың алғашқы жартысында Жетісу жерін мекендеген батыс түріктердің мәдениетіне жатады.

Қазір «Таңбалы» ғылыми-реставрациялық зертханасында бірегей артефактқа қатысты алғашқы консервациялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Археологиялық қазба жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

 

сирек тиын алғаш рет нумизматика
Кеше, 16:36 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 17:44 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 9:23 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар