Шерзат ісі: Апелляциялық сот шешімді өзгеріссіз қалдырды

Алматы облыстық сотында Шерзат Полат ісі бойынша сотталған 8 айыпталушының апеллияциялық шағымы қаралды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Сот төрағасының міндетін атқарушы Қалдырбек Досымбет отырыста сот үкімінде барлық дәлелге тиісті баға беріліп, сотталғандардың іс-әрекеттері дұрыс сараланып, оларға заңды әрі әділ жаза тағайындалғанын айтты. Сондықтан бірінші сатыдағы соттың үкімі мен моральдық шығын есебі де өзгеріссіз қалатынын жеткізді.

Бұдан бөлек, қылмыс орнында болып, бастапқыда куәгер ретінде танылған Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгелді, Юлдаш Розбакиев пен Арлан Қазыкеновке қатысты бірінші сатыдағы соттың жеке қаулысы да сол қалпы қалды.

Айта кетейік, заңға сәйкес Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша сотталғандар рақымшылыққа ілінбейді. Себебі олардың әрекеттері ауыр және аса ауыр баптар бойынша сараланған.

 

Шерзат Полат сот Ақпарат

Тақырыпқа жаңалықтар