Шетелдіктер асырап алған қазақ қызы Америкада тұрмысқа шықты
«Шетелдегі қазақ балалары» жобасының авторы әрі жүргізушісі Жанар Байсемізова шетелдіктер асырап алған қазақ қызы Джулиананың америкалық азаматқа тұрмысқа шығып жатқанын сүйіншілей хабарлады. Журналист бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Жанар Байсемізова Джулиананың шетелдегі анасымен әрдайым хат-хабар алмасып тұратынын да айтқан.
Ал елден Джулиананың туған әкесі, туыстары табылған.
«Біздің сұлу қызымыз тұрмысқа шықты! Дәл қазір Америкадан жеткен сүйінші хабар. Джулиананы бәріңіз @sheteldegi_qazaq_balalary білесіздер. Асырап алған анасы @susan.elko.harris қуанып, суреттерін жіберіп жатыр. Күйеу баламыз Джулиана десе ішкен асын жерге қоятын тамаша жігіт екен. Бұған дейін сұлу қызымыздың туған әкесі, ағайын-туысы, ата-әжесі табылғанын хабарлаған едім. Джулиананың бағы ашылсын», деп жазды Жанар Байсемізова.
Желі қолданушылары жазба соңында шетелдіктер асырап алған қазақ қызына бақыт тілеп жарыса жазып жатыр.