Қазақстан жаңалықтары10 қаңтар 2024, 8:23

Шетелдіктер асырап алған Жәнібекке қатысты қылмыстық іс қозғалды

Шетелдіктер асырап алған Жәнібекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. «Бармысың, бауырым!» хабарының редакторы Қымбат Досжан әлеуметтік желідегі парақшасында шетелдіктер асырап алған қазақ баласы Жәнібекке (Мұрат) қатысты соңғы жаңалықты мәлім етті, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Арқалықтан Астанаға жолға шықтық. Осы сапарымыздың басты мақсатына сай - қылмыстық іс қозғалды. Қазір он шақты әйелге күдік туып тұр. Мен Жәнібектің Қазақстандағы заңды өкілі ретінде, қылмыстық істер зерттеліп, аяқталмайынша, барлық мәліметті жариялауға құқым жоқ. Осыған қатысты тиісті құжатқа қол қойдым», дейді журналист.

Сонымен қатар Қымбат Досжан осы іске жанашырлық танытып қол ұшын созған барша азаматтарға жылы лебізін білдіреді. 

Қымбат Досжан бельгиялық Жәнібек Қылмыстық іс

Тақырыпқа жаңалықтар