Щучинсктегі жарылыста мерт болғандардың отбасыларына 2 млн теңгеден беріледі
Бурабай ауданының әкімі Арай Садықов Щучинсктегі жарылыстан қаза тапқандардың отбасыларына 2 миллион теңгеден берілетінін айтты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Әкім жағдай дереу бақылауға алынып, жедел штаб құрылғанын мәлімдеді,
«Қаза тапқандардың отбасыларына 2 млн теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек төленеді, ал зардап шеккендерге 1 млн теңгеден беріледі», — деді әкім.
Әкімдік жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға байланысты барлық шығынды өз мойнына алды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: