Қазақстан жаңалықтары26 қазан 2023, 16:34

Сібір жарасымен бір адам ауыр халде жатыр

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы сібір жарасы анықталған науқастардың жағдайы жайлы хабарлады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Дәрігерлердің айтуынша, ауруханаға түскендердің бірі ауыр жағдайда реанимацияда жатыр.

Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі уақытта облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының стационарына сібір жарасы диагнозымен 4 науқас жатқызылған. Пациенттердің үшеуінде диагноз ПТР молекулалық-генетикалық әдісімен тексеріліп, расталды. Бір пациент бойынша нәтиже әлі күтілуде. Себебі ол алдыңғы пациенттерге қарағанда әлдеқайда кешірек түскен.

Белгілі болғандай, ауруханаға жатқызылған науқастардың барлығы бір отбасының мүшелері.

"Біздің ауруханада жатқан науқастардың бірі реанимация бөлімінде емделіп жатыр. Науқастың жағдайы өте ауыр, оған сібір жарасы диагнозы қойылған, жағдай расталған. Жалпы, септикалық ағымы ауыр өтуде. Бүгінгі таңда науқастың жағдайы эндогендік интоксикация синдромына, жіті бүйрек жеткіліксіздігіне, геморрагиялық синдромға және тері-қабыну синдромына байланысты ауыр күйінде сақталып отыр. Науқасқа барлық қажетті терапиятолық ем-дом көрсетіліп жатыр. Бұл науқас бойынша облыстық консилиум өткізілді. Сонымен қатар, біз республикадан, осы пациентті басқару жөніндегі ғылыми-зерттеу орталықтарынан келген әріптестеріміздің қатысуымен республикалық консилиум өткіздік. Біздің емдеу тактикамызбен әріптестеріміз келісіп, ұсыныстар берді, түзету жүргізді", - деді Облыстық клиникалық аурухананың инфекциялық орталығының жетекшісі, Қарағанды медицина университетінің инфекциялық аурулар кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ержан Жүнісов.

Қалған 3 науқас инфекция бөлімінде ем алып жатыр. Олардың екеуінде диагноз расталған. Пациенттер тұрақты, эндогендік интоксикация синдромдарына және тері-қабыну синдромына байланысты олардың жағдайы орташа ауыр күйінде қалып отыр. Дәрігерлер облыстық консилиум және терапияны түзету жұмыстарын жүргізді. Қазіргі уақытта пациенттер барлық қажетті терапияны алуда.

Қарағанды облысы сібір жарасы

Тақырыпқа жаңалықтар