СІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты қазақстандықтарға ескерту жасады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Министрлік Таяу Шығыстағы әскери іс-қимылдардың жалғасуына, сондай-ақ көптеген елдердің әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Қазақстан азаматтарына белсенді әскери іс-қимылдар толық тоқтап, жағдай толық тұрақтанғанға дейін келесі елдерге барудан бас тартуды қатаң түрде ұсынды.

Бұл тізімге Бахрейн, Мысыр, Израиль, Йемен, Иордания, Ирак, Иран, Катар, Сауд Арабиясы Корольдігі, Кувейт, Ливан, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман және Сирия кірді.

Министрлік өңірде жүрген Қазақстан азаматтарын жеке қауіпсіздік шараларын күшейтуге, қауіпті аудандарға бармауға, жергілікті билік органдарының нұсқауларын орындауға шақырды.

 

таяу шығыс Иран АҚШ БАӘ

Тақырыпқа жаңалықтар