Синоптиктер алматылықтарға ескерту жасады

Казгидромет Алматы қаласы мен облысы тұрғындарына аллағы үш күн қатарынан тауда қар көшкіні жүру қаупі бар екенін ескертті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Синоптиктер алматылықтар мен облыс тұрғындарын 20–23 ақпан күндері тауға шықпауға шақырды.

« Күн жылынуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы өзендері бассейндерінде қар көшкіні жүру қаупі бар. Қар басқан беткейлерге шықпауды ұсынамыз. Себебі бұл көшкіннің жүруіне себеп болуы мүмкін. Тауда абай болыңыздар», — деп ескертті синоптиктер.

Бейсенбі күні Алматыда ауа райы әдеттен тыс жылы болды. Қалада ауа температурасы +23 градусқа дейін көтерілді. Синоптиктер мұндай көрсеткіштің қалыпты емес екенін айтып, қалада температуралық рекорд жаңарғанын мәлімдеді.

Қар көшкіні Алматы облыс Қауіп

Тақырыпқа жаңалықтар