Павлодарда мектеп комиссиясы рәміздерді өртеген

Әлеуметтік желіде Қазақстанның туы мен елтаңбасын өртеп, бүлдіріп жатқан қазақстандықтар тобы түсірілген видео жарияланды, деп хабарлайды Arbat.Media. 

Видеода бірнеше адам Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын өртеп, елтаңбасын сындырады. Видеодағы адамдар тобы – Павлодар қаласындағы М. Жүсіп атындағы мектептің мұғалімдері.

Облыстық білім беру басқармасында жағдайды түсіндіруге асықты.

«Әлеуметтік желілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін заттарды жою мәселесіне қатысты жарияланымға байланысты төмендегіні хабарлаймыз. 2026 жылғы 5 ақпанда Павлодар қаласындағы М. Жүсіп атындағы мектепте Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 8 маусымдағы № 137 бұйрығына сәйкес мектеп комиссиясы ұлттық стандарттар мен техникалық талаптарға сай келмейтін заттарды жою жұмыстарын жүргізді. Аталған рәсім тиісті актімен рәсімделді. Бұл әрекеттердің бейнетүсірілімі тек қызметтік мақсатта жүргізіліп, таратуға арналмаған.

Іс-шараны ұйымдастыру және өткізу тәртібіне бақылаудың жеткіліксіз болуына байланысты мектеп басшысына қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды», – делінген хабарламада.

павлодар Мұғалім рәміз мемлекет

Тақырыпқа жаңалықтар